Сейсенбі күні KASE индексі 0,04%-ға өсіп, 2306,25-ке жетті

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,04% -ға 2305,41-ден 2306,25 дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда өсіп, Т109,4 млн. немесе $5283,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,04%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+1,4%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,5%), «Кселл» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,5%) бағасы түсті.

adimage