Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,05% -ға 2300,4 -тен 2301,85-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 27,9% түсіп, Т136,7 млн. немесе $361,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+3,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,3%), «Кселл» АҚ (-1,7%), «KEGOC» АҚ (-0,02%) және «Қазақтелеком» АҚ (-2%) акцияларының бағасы түскен.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26