Сейсенбі күні KASE индексі 0,06%-ға 2333,2-ге түсті

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,06% -ға 2334,62 -ден 2333,17-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 0,9% өсіп, Т375,1 млн. немесе $984,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,0%), «Кселл» АҚ (+0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,4%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), «KEGOC» АҚ (-1,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,8%).
акцияларының бағасы түскен.

adimage