Сейсенбі күні KASE индексі 0,06%-ға 2376,9-ға өсті

Күні: 17:56, 26-02-2019.

Алматы. 26 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,06% -ға 2375,50-ден 2376,95-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,8 есе өсіп, Т103,1 млн. немесе $272,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,6), «Кселл» АҚ (+0,001), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,4%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,04), KAZ Minerals PLC (-0,4), «KEGOC» АҚ (-0,5), «Қазақтелеком» АҚ (-0,7) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: