Сейсенбі күні KASE индексі 0,1%-ға 2377,8-ге түсті

Күні: 18:42, 26-03-2019.

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,13% -ға 2380,91 -ден 2377,85-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 5,8 есе түсіп, Т25,6 млн. немесе $67,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+2,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,2%) акциялары өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,0%), KAZ Minerals PLC (-1,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,9%), «KEGOC» АҚ (-0,4%) акцияларының бағасы төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: