Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,12% -ға 2275,18 -ден 2272,36-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,3 есе өсіп, Т227,3 млн. немесе $598,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,5%), «Кселл» АҚ (+0,1%), «KEGOC» АҚ (+0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,004%).акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,4%), KAZ Minerals PLC (-0,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ(-1,1%) акцияларының бағасы түскен.
Сейсенбі күні KASE индексі 0,12%-ға 2272,36-ға түсті
