Сейсенбі күні KASE индексі 0,14%-ға 2273,22–ге өсті

Күні: 19:20, 30-07-2019.

Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,14% -ға 2270,01 -ден 2273,22-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 34,4% өсіп, Т2838,3 млн. немесе Т 7370,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,4%), «Қазақтелеком»АҚ (+0,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,1%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,2%) және «KEGOC» АҚ (-0,5%).
акцияларының бағасы түсті.
«Кселл» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: