Сейсенбі күні KASE индексі 0,2 %-ға 2284,95-ке өсті

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,2% -ға 2280,33 -тен 2284,95-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,4 есе түсіп, Т124,8 млн. немесе $321,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+2%), «KEGOC» АҚ (+0,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+1,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1%), «Кселл» АҚ (-0,7%) және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (-1,3%) бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.

adimage