Сейсенбі күні KASE индексі 0,2%-ға 2429,1-ге өсті

Күні: 19:34, 02-04-2019.

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,25% -ға 2423,06 -дан 2429,15-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,2 есе түсіп, Т99,7 млн. немесе $262,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+2,4%), «KEGOC» АҚ (+0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,4%) акциялары өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,6%), KAZ Minerals PLC (-0,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,3%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%) акцияларының бағасы төмендеді


Жаңалықтармен бөлісу: