Сейсенбі күні KASE индексі 0,22%-ға 2281,86 –ға түсті

Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,22% -ға 2286,96 -дан 2281,86-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда -24,5% түсіп, Т95,6 млн. немесе $251 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%), «Кселл» АҚ (+1,5%), «KEGOC» АҚ (+0,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,6%) және KAZ Minerals PLC (-4,8%) акцияларының бағасы түсті.

adimage