Сейсенбі күні KASE индексі 0,3%-ға 2391-ге түсті

Күні: 18:53, 19-03-2019.

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,27% -ға 2397,52-ден 2391,00-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2 есе өсіп, Т102,8 млн. немесе $273,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,2%), «Кселл» АҚ (+0,3%) акциялары өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,1%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,0%), «KEGOC» АҚ (-0,3%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: