Сейсенбі күні KASE индексі 0,35%-ға 2159,71-ге түсті

Алматы. 8 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,35% -ға 2167,31-ден 2159,71-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,1 есе өсіп, Т83,2 млн. немесе $213,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,3%), «KEGOC» АҚ (+0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өскен.
«Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%), KAZ Minerals PLC (-1,1%) және «Кселл» АҚ (-1,3%) акцияларының бағасы түскен.
Ал «Қазақтелеком» АҚ бағасы өзгерген жоқ.

adimage