Сейсенбі күні KASE индексі 0,5% -ға 2306,4-ке түсті

Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,5% -ға 2319,18 -ден 2306,45-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,1 есе өсіп, Т366,2 млн. немесе $976 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,02%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,01%), «KEGOC» АҚ (+0,1%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,2%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал KAZ Minerals PLC (-1,8%), «Қазақтелеком» АҚ (-2,0%) акциялары төмендеді.

adimage