Сейсенбі күні KASE индексі 0,5%-ға 2465,2-ге өсті

Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,54% -ға 2452,09-дан 2465,22-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда өсіп, Т155,9 млн. немесе $410,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,9%), KAZ Minerals PLC (+0,7%), «KEGOC» АҚ (+1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Кселл» АҚ акиясының бағасы өзгермеді.

adimage