Сейсенбі күні KASE индексі 0,9%-ға 2376,3-ке өсті

Күні: 18:39, 12-03-2019.

Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,87% -ға 2355,89-дан 2376,28-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 35,5% өсіп, Т133,2 млн. немесе $352,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,1%), KAZ Minerals PLC (+0,3%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+4,9%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акциялары өсті.
Ал «Кселл» АҚ (-0,5%) және «KEGOC» АҚ (-0,1%)акцияларының бағасы төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: