Сейсенбі күні KASE индексі 1,5%-ға 2285,9-ға түсті

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,49% -ға 2320,45 -тен 2285,87-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 24,6% түсіп, Т424,5 млн. немесе $1118,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+1,8%) акциясының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-6,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,5%), «KEGOC» АҚ (-0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,9%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-3,0%)акцияларының бағасы түскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларының бағасы өзгерген жоқ.

adimage