Сейсенбі күні KASE индексі 2,7%-ға 2447,4-ке түсті

Күні: 18:21, 16-04-2019.

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 2,70% -ға 2515,32-ден 2447,45-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,8 есе өсіп, Т621,6 млн. немесе $1635,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,0%), «Кселл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-3,9%), «KEGOC» АҚ (-0,7%), «Қазақтелеком» АҚ (-12,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,1%).акцияларының бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: