Сейсенбі күні Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды

Ақтау. 11 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 ақпанда Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 11 ақпанда көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage