Сейсенбі күні Маңғыстау облысында күшті жел және тұман күтіледі

Күні: 18:27, 29-07-2019.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ -30 шілдеде Маңғыстау облысында күшті жел және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтау қ.: түнде және таңертең 30 шілдеде тұман күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: