Сейсенбі күні Маңғыстау облысында тұман түсіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Маңғыстау облысында тұман түсіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромемт» РМК баспасөз қызметінен.  
«25 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Актау қ: 25 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.
«25 қыркүйек күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, 25-27 қыркүйекте күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген хабарда.

adimage