Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Оңтүстіктен түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-4, түнде -11-13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде +1+3.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +2+4.

adimage