Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 мамырда Ақмола облысының тәулік бойы солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 17 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбі күні таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
«Күндіз 17 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ: күндіз 17 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
17 мамырда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
«17 мамырда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage