Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, Алматыда жаңбыр жауады

Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, Алматыда жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күн ашық. 21 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы шамамен +17+18, түнде +4+6.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді. 2-3 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+21, түнде +15+16.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. 5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+25, түнде +10+11.

adimage