Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда және сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда және сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қагидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«9 тамызда Ақмола облысының шығыс жартысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығыс жартысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығыс жартысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 09 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«9 тамызда түнде Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 09 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с», - делінген хабарда.
9 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ: күндіз 09 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Күндіз 09 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
09 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 09 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
«9 тамызда Ұлытау облысында күндіз олтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр ажуады. Облыстың солтүстігіде, шығыснда және оңтүстігінде күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. жезқазғанда 9 тамызда күндіз күн күркірейді», - деп ескертті синоптиктер.
Қарағанды облысында сейсенбі күні солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Қарағандыда 9 тамызда күн күркіреуі күтіледі.

adimage