Сейсенбі күні Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:02, 29-07-2019.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Қостанай қ: күндіз 30 шілдеде батыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: