Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында бұршақ пен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Өскемен қаласында 11 қыркүйекте найзағай күтіледі, жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сейсенбі күні ШҚО-да бұршақ пен желдің күшеюі күтіледі
