Сейсенбі күні Шымкент пен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:41, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Шымкент пен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 2 шілдеде таңертең және күндіз батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 2 шілдеде шаңды дауыл, батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, 2 шілдеде Ақтөбе облысында кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с Ақтөбе қ.: 2 шілдеде күндіз батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
«02 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Ақтау қ.: 02 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: