Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі. Петропавл қ: 12 қарашада тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 күтіледі. 12 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дауылды ескертуде
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage