Сейсенбі күні Қызылорда облысында қатты ыстық пен жел күтілуде

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қызылорда облысында қатты ыстық пен жел күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 41°С, кей жерлерде 44°С қатты ыстық күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.

adimage