Сейсенбі мен сәрсенбі күндері Нұр-Сұлтанда және төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі мен сәрсенбі күндері Нұр-Сұлтанда және төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтанда 18 ақпанда күндіз, 19 ақпанда тәулік бойы кейде қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-батыстын 15-20 м/с жел тұрады, 19 ақпанда екпіні 23 м/с жетеді. 18-19 ақпанда Қостанайда, күндіз 18-і, тәулік бойы 19 ақпанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кейде 30 м/с және одан да жоғары болады. Қар күтіледі, бұрқасын соғады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«17 ақпанда түнде Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage