Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – Сейсенбіде Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлады Kurs.kz.
Астана қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т376,1, сату - Т378,7 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т376,8, сату – Т378,7.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т376,1, ал сату - Т379,7.
ҚР Ұлттық банкі сайтында жарияланған $1 ресми бағамы Т378,17 құрап отыр.
Сейсенбіде Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады
