Сейсенбіде KASE индексі 0,04% -ға өсіп, 2211,2-ге жетті

Күні: 19:16, 30-10-2018.

Алматы. 30 қазан ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,04% -ға өсті - 2210,27-ден 2211,2-ге дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 5,5 есе түсіп, 525,7 млн. теңгені немесе 69,7 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында   Kaz Minerals PLC (+1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит»  АҚ (-1,5%),  «KEGOC» АҚ (-0,02%) және «Қазақтелеком» АҚ (-1%) акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: