Сейсенбіде KASE индексі 1% -ға өсіп, 2219,9-ға жетті

Күні: 18:15, 13-11-2018.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,97% -ға өсті – 2198,63-тен 2219,94-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 6,5 есе өсіп, 103,8 млн. теңгені немесе 277,4 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Банк ЦентрКредит» АҚ (+4,1%), KAZ Minerals PLC (+0,8%),   «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%) және «Қазақтелеком» АҚ (+3%) акциялары қымбаттады.
Ал  «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%)акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: