Сейсенбіде Қостанай облысында күн күркіреп, жел күшейеді

Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбіде Қостанай облысында күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«17 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді. 17 қыркүйек күні түстен кейін Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», - делінген дүйсенбіде дауыл туралы ескертуде.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 90-95% деңгейінде бағалайды.

adimage