Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейсенбіде Қызылорда мен Түркістан облыстарында жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«4-6 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл, 4 қыркүйекте күндіз екпіні 23 м/с жел сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100% деп болжауда.
«4 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %», - делінген хабарда.
Сейсенбіде Қызылорда мен Түркістан облыстарында желдің күшеюі күтілуде
