Сейсенбідегі KASE индексі 1,04% -ға түсіп, 2202,3-ке жетті

Күні: 18:46, 23-10-2018.

Алматы. 22 қазан ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,04% -ға түсті - 2225,48-ден 2202,34-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 131,7 млн. теңгені немесе 365 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «KEGOC» АҚ (+0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,9%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-3,1%), Kaz Minerals PLC (-6,7%), «Қазақстан халық банкі» АҚ (-0,4%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,8%) акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: