Үш ақылы жол жыл сайын Т4 млрд кіріс түсіреді – ИИДМ

Күні: 17:03, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда үш ақылы жол жыл сайын төрт миллиард теңге көлемінде экономикалық нәтиже береді, деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек сейсенбідегі үкімет отырысында.
«Бүгінгі таңда үш жол бөлігінде ақы алу жүйесі іске қосылды: Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана–Теміртау, олардың жалпы қашықтығы 471 шақырым... Экономикалық нәтиже: үш жол бөлігінен алынатын жыл сайынғы алым – жылына төрт миллиард теңге, жыл сайын 16 жол бөлігінен алынатыны – жылына 30 миллиард теңге, жаңа жұмыс орындары – 1 мың 689 адам», - деді министр.
Оның айтуынша, жалпы 2020 жылға дейін 16 жол учаскесін ақылы қылу жоспарлануда, сонда ақылы жолдар қашықтығы шамамен 6,5 мың километрді құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: