Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін қосымша Т25 млрд қажет, деп хабарлады облыс әкімі Амандық Баталов.
«Үкіметтің қолдауымен соңғы бес жылда 30 мың орындық 55 мектеп салынды. Бірақ олардың саны бала туу санының жоғарылығымен және ішкі көші-қон салдарынан өсіп келеді. Ағымдағы жылы сегіз мектеп құрылысына Т8 млрд бөлінген. Алайда қаржы жеткіліксіз, қосымша тағы да Т25 млрд. керек. 24 мектептің құжаттамасы дайын», - деді Баталов жұма күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, қазіргі таңда жеке инвестициялар есебінен мектеп салу мәселесі қарастырылуда – жоспарда тоғыз мектеп бар, олардың екеуі бойынша мәселе шешілді.
Қазіргі таңда Алматы облысында үш ауысымда оқытатын 38 мектеп бар.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26