Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Күні: 17:30, 26-02-2019.

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әкімі етіп Өмірзақ Шөкеевті тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, хабарда атап өтілгендей, мемлекет басшысының жарлығымен Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.
Соңғы жылдары Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы, вице-премьер, ҚР ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: