Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының 74 елдімекенін су басу қаупі сақталуда, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
«Тасқын қаупі 74 елді мекенде сақталып отыр. Алдын алу шараларының арқасында 14 елді мекеннің дайындығы пысықталды. 12 елді мекенде қауіп деңгейі бәсеңдетілді. ІІМ ведомствосына қарасты күш пен құрылым, шүғыл әрекет ететін алты топ құрылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
ТЖД-де мәлімдегендей, департамент әкімдікпен бірге өңірдегі су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша шараларын қолға алуда.
«Су тасқыны қаупі барынша төніп тұрған аудандарда бекітілген жоспарға сәйкес, жұмыстар мен алдын алу шарасы жалғастырылуда. Яғни қар шығару, жағалауларды бекемдеу жұмыстары. Ал мұз кептемелері бар учаскелерде жақын арада мұздарды жару жұмыстары жүргізіледі. Синоптиктердің болжамынша, облыста қардың жиналуы жалғасуда, алайда оның деңгейі норма шамасында. Жер қабатына келсек, оның қатуы былтырғыға қарағанда аздау», - деді құтқарушылар.
Хабарда атап өтілгендей, мотопомпа саны былтырғы су тасқыны кезеңімен салыстырғанда үш есе артқан. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен техника, құрал-жабдықтар, құтқару құралдары жаңартылған.
«Бүгінгі таңда ШҚО ТЖД күш пен құралдар топтарында 1000 адам бар. Сонымен қатар өткізгіштігі жоғары 300-дей техникасы, 60-қа жуық жүзу құралы бар. Облыс аумағында «ШҚО әкімі аппаратының авиациялық бөлімшесінің» тоғыз тік ұшағы мен бір ұшағы және «Қазәуеқұтқару» бір тік ұшағы бар», - делінген хабард.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34