Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Туристерді өңірге тарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аудандарындағы әуежайларға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады YK-news.kz.
«Биыл Алакөл жағалауында үлкен жұмыстар атқарылды. Келесі жылға да жоспар құрылды. Ең алдымен Әуежайға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, біз Зайсан және Қатон-Қарағай ауданының әуежайына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеудеміз», - деп мәлімдеді ШҚО әкімі Даниал Ахметов көшпелі отырыс кезінде.
ШҚО аудандарында әуежайларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі
