ШҚО-да 3,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Күні: 17:53, 07-03-2019.

Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында 3,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 7 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 27 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 536 км жерде Қазақстан шекарасында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,1. Магнитудасы MPV 3,6», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің орталығы ШҚО Аягөз ауданында орналасқан.


Жаңалықтармен бөлісу: