ШҚО-да 700 кг астам көксеркені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Орал. 28 маусым. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында 700 кг астам көксеркені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
«Тарбағай ауданының тұрғыны 32 жасар жүргізуші рұқсат құжаттарынсыз 745 килограмнан астам балықты алып келе жатқан, оның 713,85 кг көксерке, алты кг астам шортан және 20 кг астамы мөңке балық», - делінген хабарда.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 335 бабы 1 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

adimage