ШҚО-да алаңы 1200 га дала өрті сөндірілді

Күні: 18:01, 02-10-2018.

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында бүгін биылғы жылғы ең үлкен дала өрті сөндірілді, оның алаңы 1200 га құрады, деп хабарлады «ШҚО ТЖД ӨСҚ және АҚЖ» ММ баспасөз қызметінен.
«Өртті 30 қыркүйекте Семей қаласынан 420 шақырым жердегі Қараөлең ауылдық округінің аумағында байқаған.   Өрттің шыққаны ғарыштық мониоринг жасау кезінде «Көкшетау» маңынан байқалған. Семей қаласынан №7 өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі Қараөлең ауылдық округіне шұғыл түрде кетті. Өрт жалыны таулы аймақты шарпып, оның алаңы 1200 га құраған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, түске таман өрт толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт себебі бойынша нұсқалар қарастырылуда – өрт қауіпсіздігін сақтамау.  Кінәлі тұлға мен келтірілген залал анықталуда. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы мен жеке құрамның 12 адамы, жергілікті атқарушы органның 3 бірлік техникасы мен 14 адам жұмылдырылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: