ШҚО-да алапат дала өрті сөндірілуде

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында алапат дала өрті сөндірілуде, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«6 тамызда сағат 18.50-де Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі аумағында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органның жеті бірлік техникасы мен 30 адамы жұмылдырылды. Қолданылған шаралар арқылы 7 тамыз күні 8.05-те 120 га алаңдағы өрт ауыздықталды», - деп хабарлады сәрсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, өрт салдарынан 150 тонна маяланған шөп өртеніп кетті.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы», - деді Нұрахметов.

adimage