ШҚО-да аудандық орталық аурухананың бас есепшісі Т92,5 млн жымқырған деп күдіктелуде

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында аудандық орталық аурухананың бас есепшісі Т92,5 млн жымқырған деп күдіктелуде, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ШҚО денсаулық сақтау басқармасы «Шемонаихина орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ РМК бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Ол аса ірі көлемде – Т92,5 млн сома көлемінде бюджет қаржысын жымқырған деп күдіктелуде, аталмыш соманы «Халық Банк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ карта шоттарына аударған», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, 27 қарашада күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпас шарасы қолданылды.

adimage