ШҚО-да автобустың жүк көлігімен соқтығысуынан сегіз жас спортшы зардап шекті

Өскемен. 27 ақпан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында автобустың жүк көлігімен соқтығысуынан сегіз жас спортшы зардап шекті, деп хабарлады ҚазТАГ.
«ЖКО-да сегіз бала зардап шекті. Қазір балаларды ары қарай тексеру және диагноздарын қою үшін ауруханаға апара жатыр», - деп хабарлады бейсенбіде ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпарынша, ЖКО бүгін ертеңгісін Өскемен-Шемонаиха тас жолында болған.
«Барлығы автобуста 53 жолаушы болған, оның 46-сы бала. Балалар бар автобус облыс орталығынан Шемонаиха ауданынан спорттық жарысқа қатысу үшін бара жатқан. Алдын-ала ақпар бойынша Howo жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, автобусқа соққан. ЖКО орнына полиция қызметкерлері мен жедел-медициналық көмек көрсету бригадасы келіп жетті», - деп хабарлады облыстық полициядан.

adimage