ШҚО-да бір топ адамнан алтын тамырға ұқсас өсімдіктің үлкен партиясы табылды

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында бір топ адамнан алтын тамырға ұқсас өсімдіктің үлкен партиясы табылды, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Рейдтік шаралар барысында полицейлер Тарбағатай Ұлттық саябағы, 2017 әскери бөлімі, ШҚО бойынша Зайсан ҰҚКД АБ қызметкерлерімен бірге Қызыл кітапқа сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдік түрі ретінде енгізілген алтын тамырдың 20-дан астам қабын тауып, тәркілеген», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш дерек Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі «Ашылы» учаскесінде анықталған. Полиция ақпарынша, ұсталғандар «алтын тамырға ұқсас өсімдікті заңсыз қазып алған».
«Алты адам анықталды, олардың барлығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының 35-55 жас аралығындағы тұрғындары», - деді ШҚО ПД.
ҚР ҚК 339 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қазіргі таңда тәркіленген өсімдік ерекше қорғалу статусын анықтау үшін сараптамаға жолданды», - делінген хабарда.

adimage