ШҚО-да бір жарым жасар баланың денесінің табылу дерегі бойынша комиссиялық сот-медициналық сараптамасы тағайындалды

Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында бір жарым жасар баланың денесінің табылу дерегі бойынша комиссиялық сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«20 тамызда Алтай ауданы Средигорное ауылында полиция қызметкерлері суды сору және балшықты алып тастау арқылы құдықтарды қосымша тексерді. Үй ауласында орналасқан құдықты қайта тексеру кезінде балшықтың астынан 2017 ж.т. Әлихан Талғатовтың денесі табылған. Қазіргі таңда ШҚО ПД жедел-тергеу тобы тексеру жүргізуде, комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалған, баланың денесі Сот сараптамасы орталығына жіберілген», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Анастасия Склярдың айтуынша, Алтай ауданы Среднигорное ауылында үйдің ауласынан жоғалып кеткен бір жарым жасар бала өлі табылған.
Еске салсақ, бір жарым жасар баланы 17 тамызда құтқарушылр тобы, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы орган өкілдері, еріктілер тобы іздестірді. Іздестіру жұмыстары аулы маңында жүргізілді. Полицейлер ауыл тұрғындарынан сұрастырған, құтқарушылар бала тұратын үйден 20 шақырым қашықтықта орналасқан жақын маңдағы құрылыс орындарын, құдықтар мен жертөлелерді, өзен арнасын тексеріп шыққан.

adimage