Өскемен. 24 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында қатаң карантин екі аптаға созылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында шаруашылық және басқа да қызметті жүргізудің және тұрғындар өмірінің ерекше талаптары сақтала отырып, шектеу шаралары 8 2020 жылдың 25 қарашсы сағат 00.00 бастап 8 желтоқсан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген сейсенбідегі ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің МА Хамида Илюбаеваның қаулысында.
Қаулыда айтылғандай, Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс жерде азық-түлік сататын орындардың аптаның барлық күнінде сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал азық-түліктен басқа тауар сататын сауда нысандары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-18.00 аралығында ашық болады. Олардың демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған
Қатысты сілтемелер
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51